Атырау, 14 қаңтар 07:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Көк мұз, тайғақ кешу

4 423 рет қаралды

Атыраудағы тайғақтың салдарынан облыстық ауруханалардағы травматологиялық бекеттерге келушілер саны артты.

Мұнда күніне, орта есеппен, 50-ге жуық адам хабарласады, олардың кемінде үштен бірі – көшеде тайып құлап, жарақаттанғандар. Иығын, қолын шығарып алу, тобығы тайып кету, қарт адамдардың белін ауыртып алуы сияқты ауыр жарақаттар тіркелуде.

- Пациенттердің соңғы рет осыншама көп болуы 2013 жылғы наурызда байқалып еді, сол кезде де қатты тайғақ болған, - дейді травматологиялық бекеттің меңгерушісі Асхат БИСЕНҒАЛИЕВ. – Хирургиялық отаны қажет ететін ауыр науқастарды стационарда қалдырып, жеңіл жарақаттары бар адамдарға ем-дом жасап немесе гипс салып, жергілікті жерлердегі емханалардың бақылауына жібереміз.

ІІБ баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша, тайғақ басталғаннан бері жол-көлік оқиғалары санының өсімі байқалмады. Күніне 10-15 ұсақ ЖКО тіркеледі, облыс орталығында адам өліміне әкелген апаттар болған жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.