Атырау, 5 мамыр 11:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Марат Ахметжановтың кері тағайындалуы

3 393 просмотра

Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросы төрағасының 12 қаңтардағы бұйрығымен Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшылығына Марат АХМЕТЖАНОВ тағайындалды.

Ахметжанов Марат Мұратұлы әр жылдары ІІМ, әділет министрлігі, бас прокуратура, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінде (қаржы полициясы) басшылық қызметтер атқарды. 2014-2015 жылдар аралығында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің Атырау облыстық департаменті басшысы қызметін атқарды.

Президенттің жарлығымен «Құрмет» және ІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ордендерімен марапатталды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.