Атырау, 5 тамыз 22:49
 дождьВ Атырау +34
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82

Түлкі балабақшаға кіріп кеткен

2 481 рет қаралды

Индербор кентінде жергілікті тұрғындар балабақшаның ауласында емін-еркін жүрген түлкіні фотоға түсіріп алған.

Түлкі аш болса керек, көзкөргендер оның адамдардан қашқанымен, олардың тастаған тамақ қалдықтарының бір қиқымын да қалдырмай жегенін айтады.

- Қыстың күні аяздарда қорек таппаған түлкі анда-санда елді мекендерде бой көрсетуі мүмкін, - дейді Индер аудандық ветеринария стансасының директоры Ербол БӨКЕЕВ. - Бірақ көрген адамдар бізге бірден хабарлауы керек еді. Кім біледі, мүмкін, ол құтырған шығар?

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.