Атырау, 5 мамыр 04:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атырау соты алты интернет-казиноны жапты

2 071 просмотра

Атырау қаласының прокурорының талап-арызымен букмекерлік кеңсе және интернет-кафе атын жамылып, іс жүзінде заңсыз интернет-казино қызметін атқарып жүрген алты сайтқа ҚР аумағында жұмыс жасауға тыйым салды.

Атырау қалалық прокуратурасының баспасөз бетшесінде интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг барысында заңсыз алты сайттың (бір қазақстандық және бес шетелдік) анықталғаны хабарланды. Бұл сайттарда тігілетін бәстер құмар ойындар ұйымдастырушының шотындағы ойыншылардың банктік шоттарына ақша аудару жолымен жүргізілген. Мысалы, осындай сайттардың бірінде америкалық, еуропалық, француздық рулетка «Зеросыз» онлайн режимде ойналған. Сондай-ақ, блэкджек, покер, бейнепокер сияқты құмар ойындар, «Книга Ра», «Леди удачи», «Обезьянки», «Дельфин», «Гонзоквест», «Вампиры» сияқты автоматта ойналатын ойындар (барлығы 46 ойын) ойнау мүмкін болған. Сайтта жарияланған ережелерде онлайн-казино ойындары барысында бәске 250-ден 10 000 долларға дейін бәс тігіледі деп көрсетілген.

Атырау қаласының прокуратурасы Атырау қалалық сотқа осы алты сайтты заңсыз деп танып, ҚР-дің барлық аумағында қызмет етуге тыйым салу жөнінде талап-арыз түсірген. Атырау қалалық сотының 2015 жылғы 18 және 28 желтоқсан күндеріндегі шешімдерімен талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қаңтар 2016, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.