Атырау, 5 мамыр 02:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

«Жалғама құрылыстар туралы» істе тағы бір адам қамаққа алынды

2 897 просмотра

«АЖ» бұрын хабарлағандай, өткен жылдың желтоқсанында қалалық құрылыс бөлімінің басшысы, оның орынбасары және мердігер ЖШС-тің техникалық директоры ұсталып, қамалған болатын Атырауда қалалық құрылыс бөлімі басшысы мен оның орынбасары ұсталды», «Жалғама құрылыстар туралы іс: сот қамаққа алуды санкциялады» мақалаларын қараңыз).

Қылмыстық іс «Атырау қаласының орта мектептеріне жалғама құрылысы» нысандарына бөлінген бюджетттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша көтерілді.

Біз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сұраныс жібердік. Департамент басшысының м.а. Нұрлан ҚАМБАТЫРОВ «қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу және оперативтік іс-шаралар жүргізіліп жатырғанын» хабарлады, сондай-ақ, оның жауабынан істе тағы бір фигуранттың – «Фирма Арал» ЖШС-тің бас директоры Д. ИСМАҒҰЛОВТЫҢ пайда болғанын білдік. Оған да қалған үшеуі сияқты ҚР ҚК-нің 184-бабы 4-тармағы 2-тармақшасы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») бойынша айып тағылып отыр.

Қалалық құрылыс бөлімі басшыларына осы іс аясында пара алды деген де айып тағылды. Н. Қамбатыров істің кейбір жерлеріне түсінік беріп кетті: бөлім басшысы ҚР ҚК-нің 366-бап 3-тармақ 3 және 4-тармақшалары («Ірі мөлшерде және бірнеше рет пара алу»), ал орынбасары 366-бап 2-тармақ («Айтарлықтай мөлшерде пара алу») бойынша айыпталып отыр.

Азамат МАЙТАНОВ

13 қаңтар 2016, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.