Атырау, 26 қараша 16:43
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ энергетика министрлігі Brent және WTI бойынша болжамын жасады

1 540 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ энергетика министрлігінің (EIA) энергетикалық ақпарат жөніндегі басқармасы 2016 және 2017 жылдарға Brent маркалы мұнайдың болжамын төмендетті. Бұл туралы аталған министрлік басқармасының жаңартылған болжамында айтылған., деп хабарлады Gazeta.ru.

ЕІА бағалауынша, 2016 жылы Brent мұнайының орташа жылдық құны барреліне 40,15 долларды құрайды, 2017 жылы - баррелі 50 доллар, ал 2017 жылдың соңына қарай, атап айтқанда, төртінші тоқсанда мұнай бағасы барреліне 56 доллар деңгейіне көтеріледі.

Ал WTI маркалы мұнайдың орташа бағасы 2016 жылы 38,34 доллар, 2017 жылы 47 доллар болмақ.

Баррельдің бағасы бойынша болжам 2016 жылға Brent үшін 15 долларға және WTI үшін 12 долларға төмендеп отыр.

Бұдан бұрын шикізатқа баға 1991 жылғы ең төменгі межеге жеткені хабарланған болатын.

Дереккөз: inform.kz

13 қаңтар 2016, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.