Атырау, 26 қараша 16:55
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Биылғы жыл АҚШ-тың тақтатас өнеркәсібі үшін сәтсіз басталды

2 598 просмотра

Image 0Фото: egemen.kzБиылғы жылдың алғашқы аптасы Американың тақтатас өнеркәсібі үшін сәтсіз басталды. Оған бұрғылау қондырғыларының едәуір азайып кетуі себеп, деп хабарлайды vestifinance.ru.

8 қаңтарда аяқталған бір апта ішінде бұрғылау қондырғыларының жалпы саны 37-ге құлап, ал көлденең бұрғылау қондырғыларының саны 30-ға қысқарды. Оған Baker Hughes мәліметтері дәлел.

Қондырғылардың азайып бара жатқанына қарағанда, бұрғылаушылардың қалтасы жұқарған сыңайлы. Өткен жылы олар қондырғыларды жаппау үшін барын салған еді, керісінше акциялар мен облигацияларды екінші қайтара орналастырудан пайда табуды көздеген.

Алайда қазан айынан кейін WTI мұнайы фьючерстерінің бағасы барреліне 50 доллардан 32,5 долларға дейін құлдырап кеткенде, бұл да жайына қалды.

Ақыр соңында инвесторлар да кей сарапшылардың «қара алтын» құнының америкалық тақтатас секторы тарапынан өндіруді қысқартусыз-ақ міндетті түрде өсетіні жайында жылтыр сөздеріне сенуден қалды.

Дереккөз: bnews.kz

13 қаңтар 2016, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.