№4 мектептің арнайы түзету сыныбының оқушысы Саша БАЛТУОНИС мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жастарға арналған «Көкейімдегі бар әлем» республикалық шығармашылық фестивалінде 1 дәрежелі дипломға ие болды.
Байқау төрт номинация бойынша өтті: «Фотография», «Қысқаметражды кино», «Графикалық дизайн» және «Көркем қолөнер». Оған еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген балалар қатысты. Сондықтан да 1-орын алу Саша үшін де, оның педагогы Лунара АБДУЛОВА үшін де үлкен кездейсоқтық болды.
Сашаның жасы 11-де, ол 4-сыныпта оқиды. Шығармашыл бала суретті жақсы салады, фотографиямен, бейне жазбаға түсірумен және тарихпен айналысады. Осы қасиеттерінің арқасында және байқау аясында ол «Қазақ хандығының 550 жылдығы» тақырыбында қысқаметражды фильм түсірді. Александрдың бұл жұмысы алдымен облыстық байқауда топ жарса, кейін Астананы бағындырды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА