Германияда ПЕГИДА қозғалысының бастамасы бойынша Лейпциг қаласында 11 қаңтарда өткен мигранттарға қарсы маршқа бірнеше мыңдаған адам қатысты. Оған Кельнде Жаңа жыл қарсаңында әйелдерге жасалған шабуыл себеп болды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Бұл ретте неміс баспасөзі акцияға қатысушылар саны жоспардағыдан едәуір төмен болып шыққанын айтты. Ұйымдастырушылар көшеге жүздеген мың адамды алып шықпақ болған, ал оның орнына бір жарым, екі мыңдай ғана наразылық білдіруші жиналды.
Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жерінің ішкі істер министрі Ральф Егер әйелдерге шабуылдаған барлық күдіктілер Германияға таяуда иммиграцияланған Солтүстік Африка және араб елдерінің тумалары екенін мәлімдеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат