Атырау, 6 мамыр 22:44
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Лионель Месси "Алтын доп" жүлдесін бесінші мәрте жеңіп алды

3 348 просмотра

Image 0Аргентина құрамасы мен "Барселона" клубының форварды Лионель Месси 2015 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" иегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Цюрихте өткен марапаттау рәсімінде өзге аталымдар бойынша жеңімпаздар да анықталды.
Сыйлыққа таласта Месси өз клубтасы Неймардан, мадридтік "Реалдың" форварlы Криштиану Роналдудан озды. Айта кетейік, Роналду "Алтын допты" соңғы екі жылда қатарынан иеленіп жүрген еді.
Бұл жүлде - Мессидің бесінші "Алтын добы" және ол бұл жүледе абсолют көш бастап тұр. Аргентиналық ойыншы тарихта "Алтын доп" жүлдесін бес мәрте (2009, 2010, 2011, 2012, 2015) жеңіп алған тұңғыш футболшы.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 қаңтар 2016, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.