Атырау, 5 желтоқсан 12:33
 бұлттыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Полиция қашқын жүргізушіні ұстады

2 191 рет қаралды

9 қаңтарда түнгі сағат бірде Махамбет ауылының маңындағы Атырау-Орал тас жолында кісі өліміне әкелген көлік апаты орын алды.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, 26 жастағы «Лада-Приора» жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, содан соң көлігін тоқтатып, оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шегуші, 54 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ауруханаға жеткізілді. Сол жерде алынған зақым салдарынан көз жұмды. Көп ұзамай Махамбет АІІБ қызметкерлері қашқын жүргізушіні ұстады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қаңтар 2016, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.