Азиялық нарықтан кейін мәскеулік биржа индекстері де құлай бастады. Екі басты индекс те ең төменгі 4%-ға төмендеді. Осылайша, ММВБ индексі 1700 пункттен, РТС -700 пунктке дейін құлады, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
Мәскеу биржасындағы екі негізгі индекстің бірі - ММВБ (Мәскеу банкаралық биржасы) индексі таңертеңгі саудада 1700 пункт көрсеткішінен төмендеді. Ол 1695,06 пунктке дейін түсті. Бұл осыған дейінгі жабылған сауда көрсеткішінен 3,06 пайызға төмен. ММВБ «долларлық» индексі 4,83% төмендеп, төменгі 700 пунктке жақындады.
«Система», «Яндекс», «М.Видео», МТС, Сбербанк және т.б. компания қағаздарының қатты құнсызданды.
Сарапшылардың пікірінше, қор нарығының құлдырауына Brent маркілі мұнай бағасының төмендеуі себеп болды. Бүгін оның бір баррелінің құны 33 долларға түсті. ICE биржасында мұнай баррелінің бағасы 32,84 долларға дейін арзандады, бұл кешегі саудадағы көрсеткіштен 2,11% төмен.
Азия биржасындағы құлдырау да ресейлік қор нарығының төмендеуіне қатты әсер етті. 11 қаңтардағы сауда бойынша Shanghai Composite шанхай биржасының негізгі қор индексі 5,32% дейін төмендеп, 3016,7 пунктке дейін түсті.
Дереккөз: ҚазАқпарат