Атырау, 26 қараша 16:19
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Беларусьта 2016 жылы алғашқы өлім жазасы кесілді

1 808 просмотра

Image 0Беларусьта өзімен бірге тұратын әйелді аса қатігездікпен өлтірген ер адамға 2016 жылы алғашқы өлім жазасы үкімі шығарылды, деп хабарлады РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Вилейки тұрғынына өлім жазасын Минск облыстық соты шығарды. Ол бұрын да өлімге әкеп соққан ауыр дене жарақатын салғаны үшін сотталған болатын. КСРО кезінде оған адам өлтіргені үшін атуға үкім шығарылған болатын, алайда үкімді жоғарғы инстанция бұзды. Тиісті мерзімін өтегеннен кейін ол бостандыққа шықты.

Осы жолғы үкім әлі күшіне енген жоқ, оған шағым берілуі де мүмкін, деп атап өтілген хабарламаларда.

Беларусь өлім жазасы қолданылатын Еуропадағы жалғыз ел. 1996 жылы өлім жазасын алып тастау мәселесі Беларусьте жалпыхалықтық референдум талқысына салынды. Сол кезде осы жазаның сақталуын қолдап, референдумға қатысқандардың 80,5%-ға жуығы дауыс берді. Өлім жазасының болуы Беларусьтің Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясына арнайы шақырылған мәртебесін алуына кедергі келтіруде.

Республика Бас прокуратурасының ресми мәліметтері бойынша, 2009 және 2010 жылдары екі-екіден, 2011 жылы - үш, 2013 жылы - төрт өлім жазасы үкімі шығарылған, 2012 және 2014 жылдары мұндай үкім болған жоқ. 2015 жылы екі өлім жазасы тағайындалған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

11 қаңтар 2016, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.