Атырау, 7 мамыр 00:51
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​КС872 борты: оттегі маскілері кездейсоқ шықты ма?

1 793 просмотра

Апатты КС872 бортының барлық жолаушылары баратын жерлеріне ұшып кетті. Естеріңізге салсақ, кеше сағат 14.20-да Атырауға «Эйр Астана» әуе компаниясының "Мәскеу - Алматы" бағытында ұшып бара жатқан ұшағы апаттық жағдаймен қонған болатын. Борт қазір Атырауда тұр, ал барлық жолаушылар баратын жерлеріне басқа рейстермен жеткізілді.

Әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек АБДРАХИМОВТЫҢ айтуынша, жолаушылардың алғашқы тобы сағат 20.20-да ұшса, қалғандары үш сағаттан кейін кеткен.

- Ұшу құжаттамаларын талдау жүріп жатыр, содан кейін ұшақты тексеру жалғасады, - деп хабарлады Абдрахимов.

«Эйр Астана» өкілінің пікірінше, оттегі маскалары жабдық жұмысының ақаулығынан шыққан, жолаушылардың оны пайдалануға қажеттілігі болмады.

- Кейбір жолаушылар ұшақтың герметизациясы жойылып, түтін шықты деп топшылапты...

- Герметизациясыздану да, түтіндеу де болған жоқ.

- Онда неге оттегі маскілерін автоматты шығару жүйесі іске қосылды?

- «Сabin altitude» (баспасөз бетшесіне сәйкес, «әуе кемесі салонындағы қысымды автоматты бақылау жүйесіндегі ақаулықты хабарлайтын») дабылы қосылып кеткен, сондықтан маскалар шыққан.

- Сabin altitude дегеннің не екенін түсіндіре аласыз ба?

- Бұл инженерлік түсінік, мен инженер емеспін, интернеттен қараңыз.

Мен де инженер емеспін, сондықтан да әуе компаниясы өкіліне кейін борттың апаттық қону себептерін түсіндіріп, электронды почтама жіберуін өтіндім. Алайда компания таратылған баспасөз бетшесінен өзге еш ақпарат бермеуді шешіпті.

- Басқа комментарилер жоқ, - деді Абдрахимов.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

11 қаңтар 2016, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.