Танымал актер Леонардо Ди Каприо "Выживший" фильміндегі ролі үшін "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды The Hollywood Reporter. 73-ші марапаттау рәсімінің трансляциясын NBC жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұл Ди Каприоның үшінші "Алтын глобусы". Бұған дейін ол "Авиатор" және "Волк с Уолл-стрит" картиналарындағы ролі үшін осы сыйлықты алған болатын. Сонымен қатар, "Выживший" лентасы үздік кинофильм атанды. Режиссер Алехандро Иньярритудің "Выживший" фильмі үшін "Алтын глобус" жүлдесін алғаны белгілі.
"Әйелдер арасындағы үздік коммедиялық роль" категориясында Джениффер Лоуренс "Джой" картинасындағы жұмысы үшін үздік болды. Ал әйелдер арасында үздік драмалық ролі үшін "Алтын глобусты "Комната" фильміндегі ролі үшін Бри Ларсон жеңіп алды."
Дереккөз: tengrinews.kz