Сириядағы Хмеймим әуе базасында тұрған ресейлік Су-24 жойғыш ұшағы. (Көрнекі сурет). Ресей әскери-әуе күштерінің Сирияның солтүстігіне жасаған әуе шабуылдарынан қаза тапқандар саны 81 адамға жетті.
Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәлімдеуінше, елдің солтүстік-батысындағы Идлиб провинциясында базарға жақын ғимараттар кешеніне жасалған шабуылдан 52 бейбіт тұрғын мен тұтқын және "Нусра майданы" ұйымының 23 сарбазы мен өзге тағы 6 көтерілісші оққа ұшқан.
"Әл-Қаиданың" Сириядағы бөлімі - "Нусра майданына" тиесілі кешенде ұйымның діни соты мен түрме орналасқан. Қаза тапқандар арасында кем дегенде бір бала мен екі әйел бар.
Ресей Сирияда президент Башар Асад билігін қолдау үшін әуе шабуылдарын өткен жылғы қыркүйектің соңында бастаған.
Дереккөз: Азаттық радиосы