Атырау, 26 қараша 14:50
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

FT: Түркия Еуроодақтың босқындар ағынын тежеу жоспарын құптамай отыр

1 737 просмотра

Image 0Брюссель Анкараға мигранттарды орналастыруға 3 миллиард еуро бөлуге келіскеніне қарамастан, Түркиядан Еуропаға ағылып келіп жатқан босқындар саны тыйылар емес, деп хабарлайды The Financial Times Еурокомиссия төрағасының орынбасары Франс Тиммермансқа сілтеме жасап.

Еурошенеунік демалыс күндері Түркия еліне жергілікті билік өкілдерімен осы мәселені талқылау үшін сапар шекпек. Франс Тиммерманстың айтуынша, түркиялық билік өкілдері қараша айында жасалған келісімді жүзеге асыруға бір кісідей атсалысу керек еді, деп жазады РИА Новости.

«Түркиямен жасалған келісімнің нәтижесін көрмей көңіліміз көншімейді»,- деді Тиммерманс.

Мұндай мазасыздық танытуға Берлиндегі босқындарға қатысты мәселенің ушығуы себеп болып отыр. Түркиямен жасалған келісім олар ойлағандай тез жүзеге аспай жатқан көрінеді, деп жазады FT.

Анкара бұған дейін де Еуроодаққа бас сауғалап кеткен босқындар саны бірден азая қоюы екіталай екенін айтқан болатын. ЕО-мен келісім жасағаннан кейін Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлы келіссөздер оң көрсеткішке қол жеткізуге ешқандай кепілдік бола алмайтынын мәлімдеген.

Дереккөз: bnews.kz


8 қаңтар 2016, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.