Шағын бизнес қожайындарын «Стартап Атырау 2016» жобасының арқасында инвесторлармен табыстыруға уәде етіліп отыр.
Егер сіз толыққанды табысты бизнес етіп дамыту үшін материалдық қолдау жетпейтін келешегі бар істі бастасаңыз, табысты кәсіпкерлерден өзіңізге қол ұшын беруді өтініп көруіңізге болады. Мұндай мүмкіндікті «Атырау Innovations» ЖШС – Атырау облыстық кәсіпкерлік және инновациялық-индустриалдық дамыту басқармасының 100 пайыздық «еншілесі» ұйымдастырады.
- 2016 жылдың қаңтарынан бастап алғаш рет «Стартап Атырау 2016» шоуы басталды. Бірінші кезеңде – 31 қаңтарға дейін бүкіл облыстан өтінімдер қабылданады, - деп әңгімелейді «Атырау Innovations» ЖШС директорының орынбасары Әділбек ТАНКИЕВ. – Жүзеге асыру үшін дайын жобалар түрінде 20 өтінім іріктеліп алынады. Олардың авторларымен сұхбат жүргізіледі. Осы кәсіпкерлердің әрқайсысы ментор мен бизнес-тренерге ие болады. Бұл кеңесшілер сауатты бизнес жоспарын жасақтау мен «дұрыс» таныстырылым әзірлеу мәселелеріне жетекшілік етеді.
Дұрыс таныстырылым тек қаржылық дәлелдеулерді ғана білдірмейді. Егер ақша санау білетін адамдардың оны сізге беруге көзін жеткізгіңіз келсе, ишарат, қозғалыс, сөз – мұның бәрі маңызды болып табылады. Бұдан басқа, жаңа іс бастаған кәсіпкерлер 2 күндік семинардан өтіп, онда шоуға қатысушылар бизнесті жүргізу және мемлекеттік бизнесті қолдау шаралары туралы қажетті білім ала алады. Шоу аяқталғаннан кейін үздік танылған жобаларды инвесторлар қаржыландырады.
- Неге «шоу»?
- Өйткені бейнетүсірілім жүргізіледі, монтаждаудан кейін материалдар әлеуметтік желілерге және ютуб бей несервисіне, бәлкім теледидарға да шығарылуы мүмкін.
Бұл қайырымдылық жобасы емес. Ең соңында өз қаржыларын инвестициялау үшін жоба алған бизнесмендер оны дамытуға материалдық түрде мүдделі болады. Өйткені жеңімпаз жобадағы олардың үлесі қожайынмен қол жеткізілген келісімге қарай 49 пайызға дейін жетуі мүмкін.
- Ақшалары бар көптеген бизнесмендер оларды қайда салуды білмейді, олар өздігімен дамуға, әлеуетті табысты бизнесті кеңейтуге қабілетті белсенді стартаперлерге қызығады. Яғни, қазір ол айналым қаржыларын дамытуға қаржы салады, ал кейін табыс алатын болады, - деп растайды Танкиев. – Біздің міндетіміз – осы бір-біріне мүдделі тараптарды табыстыру.
Өтінімдер қабылдау басталды, ол 31 қаңтарға дейін жалғасады. Құжаттар бизнес-инкубаторда (Южная промзона-1, Ақансері көшесі, 4) қабылданады. Қабылдау шарты мен қажетті құжаттар тізімін 58 63 32 телефоны арқылы немесе startup.atyrau@gmail.com электронды мекенжай бойынша нақтылап алуға болады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА