Атырау, 26 қараша 14:27
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ, Жапония мен Оңтүстік Корея КХДР-ға қарсы күш біріктірмек

3 315 просмотра

Image 0

Оңтүстік Корея АҚШ-тан әскери қолдау көрсетуді өтінді. Бұл жөнінде елдің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап, «Russia today» хабарлайды. Келіссөздер басталған, алайда нақты детальдары белгіссіз.

Айта өтейік, таяуда Барак Обама, Пак Кын Хе және Синдзо Абэ телефон арқылы сөйлесіп, Пхеньян әрекетін сынға алды. Үш ел басшысы күш біріктіруге сөз байласқан. «Солтүстік Корея БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бекіткен резолюциясын өрескел бұзып отыр» деп шүйлікті.

Еске салайық, жақында Пхеньян сутекті бомбаны сынақтан өткізді. Және мұны АҚШ пен серіктес елдеріне қарсы «ескерту» деп мәлімдеген.

Пан Ги Мун, БҰҰ Бас хатшысы:

Мен бұл қадамды қатты сынаймын. Корей Халықтық Демократиялық Республикасы мұның жауабын тартады. Және ядролық бомбаларды сынақтан өткізу жұмыстарын тыюы тиіс.

Қытай болса, көрші мемлекет ядролық сынақ өткізген күні шекарадағы провинция тұрғындарын жедел эвакуациялады. Өйткені бұл аумақтарда қуатты жер асты дүмпулері сезілген. Сейсмолог мамандар мұны сынақ тудырған дүмпу деп мәлімдеді.

Дереккөз: astanatv.kz

8 қаңтар 2016, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.