Атырау, 26 қараша 14:39
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Brent мұнайының бағасы 34 доллардан төмендеп кетті

1 406 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда қор нарығының құлдырауы салдарынан Brent мұнайының баррелінің құны 34 доллардан төмендеп кетті, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.

Қазір Brent мұнайының құны барреліне 33,21 долларға дейін түсті.

Brent құнының күрт төмендеуіне Қытай қор нарығының құлдырауы себеп болды. Биржадағы сауда-саттық басталған кезде Shanghai Composite индексі 5 пайыздай төмендеген, содан кейін сауда-саттық 15 минутқа тоқтатылды. Алайда, биржа жұмысын жаңғыртқаннан кейін де бағаның құлдырауы жалғаса түсті. Бұл көрсеткіш 7,32 пайызға жеткенде биржадағы сауда-саттық қайта тоқтатылды.

Brent маркалы мұнай бағамының құлдырауы кеше барреліне 36,64 доллардан басталған, қазір, 8 пайызға дейін арзандады.

Мұнайдың 34 доллардан төмен бағасы соңғы рет 2004 жылғы сәуір айында тіркелген.

Дереккөз: inform.kz

7 қаңтар 2016, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.