АСТАНА.ҚазАқпарат - «Форсаж 7» фильмі және актерлер Джонни Депп пен Сандра Буллок «Халық таңдауы» (People`s Choice 2016) наградасын иеленді, АҚШ-тың халықтық сыйлығын тапсыру рәсімін CBS телеарнасы көрсетті, деп хабарлады РИА Новости.
Сыйлық лауреаттары жанкүйер арасында интернетте дауыс беру нәтижесі арқылы анықталды.
«Форсаж 7» фильмі бірден екі номинация бойынша марапатталды, атап айтқанда: «сүйікті фильм» және «сүйікті экшен».
«Сүйікті комедиялық актриса» номинациясында Мелисса МакКарти жеңіске жетті, «сүйікті драмалық актриса» ретінде жанкүйерлер Дакоту Джонсонды таңдады, Крис Хемсворт «Экшен жанрындағы сүйікті актриса» атағын иеленді.
«People`s Choice» наградасы кино, музыка және телевидение саласына арналған. Сыйлық 1975 жылдан бастап, жыл сайын беріледі.
Дереккөз: inform.kz