Атырау, 7 мамыр 22:00
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​Үздік спортшыларға сый тартылды

3 376 просмотра

Image 3Драма театрда 2015 жылы жоғары нәтижелер көрсеткен спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды.

«Жыл спортшысы» дипломымен ауыр атлетикадан әлем чемпионы, әзірге Атырау үшін Олимпиада-2016 жолдамасын жеңіп алған жалғыз спортшы Ниджат Рахимов марапатталды.

Жеңіл атлетиканың дамуына зор үлес қосқаны үшін АМУ профессоры Нұролла Мамбетов ҚР Дене тәрбиесі және спорт комитетінің төс белгісімен марапатталды. Облыстың спорт ұйымдарының басшылары Нұржан Бисембаев, Ержігіт Андашев, Болат Қабдрахиев және Сансызбай Торғаев Комитеттің алғыс хаттарына ие болды.

Сонымен қатар, мүгедектер арасында дзюдодан Бүкіләлемдік Ойындардың қола жүлдегері, 2016 жылғы Риодағы Паралимпиадаға баратын жолдаманың иегері Ануар Сариев, кикбоксингтен кәсіпқойлар арасында Азия чемпионы Абзал Дүсіпов, «Атырау» отырып ойнайтын волейбол командасы да марапатталды.


Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан қазақ күресінен ҚР Кубогының иегері, «Еуразия барысы» турнирінің жеңімпазы Сұңғат Закарияевқа, бокстан ҚР Спартакиадасының чемпиондары Назым Ищанова мен Рахман Әлжановқа, еркін күрестен ҚР чемпионы Азамат Өміржанов пен ҚР чемпионаты және кубогының жүлдегері Асхат Тельмановқа 350 мың теңге сыйақы тарту етті. Жасөспірімдер арасында дзюдодан әлем чемпионы Айболат Ыстыбай, таэквондодан ҚР Спартакиадасының чемпионы Үмбет Шакиев, дзюдодан ҚР чемпионы Назгүл Құбашева, самбодан Азия чемпионы Ержан Қабделов және дзюдодан ҚР Кубогының жүлдегері Наурызбек Майлашев 250 мың теңгелік сыйақыға ие болды.

Бокстан ҚР Спартакиадасының жүлдегері Азамат Досмағамбетов, пауэрлифтингтен әлем чемпионатының жүлдегері Эдуард Қабдешев пен осы спорт түрінен әлем чемпионы Кирилл Литвинов, самбодан ҚР чемпионы Дәурен Бекболатұлы, таэквондодан ҚР Спартакиадасының жеңімпаздары Айгүл Елубай мен Динара Ұзақбаева, қазақ күресінен ҚР Кубогының жүлдегері Кенжебек Күзембаев, самбодан көптеген турнирлердің жеңімпазы Жандос Иманбаев, жастар арасында дзюдодан Азия чемпионатының жүлдегері Қанат Сейілхан, панкратионнан әлем чемпионы Талғат Жұмағалиев (Талғатқа сыйақымен бірге халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәлігі тарту етілді) 200 мың теңгеден сыйақы алды.

Кекушинкай каратеден ҚР Кубогының иегері Кристина Тельятова, панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері Нұртілек Тәжіғали (халықаралық дәрежедегі спорт шебері куәлігі де берілді), еркін күрес шеберлері арасындағы турнирдің жеңімпазы Айдын Тәжіғали, самбодан Азия чемпионы Анель Сүлейменова, самбодан облыстың аға жаттықтырушысы Қайрат Досқалиев, еркін күрестен ҚР чемпионатының жүлдегері Ерболат Рахманов, қазақ күресінен ҚР Кубогының жүлдегері Мұрат Дошахаев, президенттік сынақтан ҚР чемпионатының жүлдегерлері Ізбасар Асқаров пен Бекарыс Мұратұлы әкім орынбасары қолынан спорттық велосипедтерге ие болды.

Спорт ардагерлері Роман Ли, Бағытжан Рахбиев, Алексей Юн, Құрманғазы аудандық спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашев және су добы жаттықтырушысы Ернұр Қойлиевқа түрлі сыйлықтар тарту етілді.

«Атырау» ФК қосалқы құрамының бапкері Тимур Үкібаев, мүгедек дзюдошы А. Сариев, кекушинкай каратеден ҚР чемпионы Садырбек Ақылбек, муай-тайдан ҚР Кубогының иегері Ишан Ғалиев, грек-рим күресінен ҚР Спартакиадасының жүлдегері Дамир Күзембаев, дзюдо жаттықтырушысы Наран Ешібаев, самбодан Азия чемпионы Райымбек Ашықбаев, кекушинкай карате жаттықтырушысы Асылан Дүйсенбай және таэквондодан ҚР Спартакиадасы жеңімпазы Амантұр Табылдиев теледидарларға ие болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

7 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.