Атырау, 29 қараша 10:37
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Кішкентай компанияның үлкен құпиясы

1 578 просмотра

Image 0БМТ АРГОСС Би Ви Атырау филиалының шетелдік қызметкерлері - жеткілікті білімдері мен тиісті біліктілігі жоқ екі британдық инженерге қарсы қозғалған қылмыстық іс тұрып қалды.

Естеріңізге салсам, бас техникалық маман Крейг Дэвид ГРЕЙГЕ (Craig David Gray) Лондон қолданбалы өнер институтының дипломы, ал Кой Гавин ПОЛҒА (Coy Gavin Paul) Чикаго университетінің (неліктен екені белгісіз, 8 жасында) дипломы беріліпті. 2015 жылдың шілдесінде оларға қатысты ІІД ҚР ҚК-нің 385-бабы («Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бізге қыркүйекте белгілі болды. Сол кезде редакция кабинетінде отырғанда Лондон қолданбалы өнер институты жоқ екендігін, ал, Чикаго университетінде Гавин Пол мырзаның ешқашан оқымағанын білу қиынға түспеді («Жалған дипломды экспаттар»). Ал ІІД, тіпті, «аталмыш азаматтардың дипломдарын дайындау тәсілін анықтау үшін» техникалық сараптама тағайындады, деп жазады прокуратура өзінің ресми жауабында. Әрі қарай: «қылмыстық іс тоқтатылды, өйткені, 21.08.2015 күнгі сараптама қорытындысына сәйкес, құжаттар көшірмесінің түпнұсқадан алынғандығы анықталды» делінген. Сандырақ: қалайша көшірме бойынша сарапшы оның түпнұсқадан жасалғанын анықтай алған? Іс материалында түпнұсқа жоқ қой.

Шамасы, осы сұрақты прокуратурадағылар да қойған секілді, өйткені, ондағылар, үзінді келтірейін: «шетелдіктердің дипломдарының түспнұсқалығы анықталмағандықтан», бұл іс жүргізу шешімін жойған.

ІІД іс бойынша өндірісті прокуратураның ықпалымен қайта қозғады. Алайда бұл бойынша қозғалыс жоқ. Соған қарағанда, полиция оны тергеуге мүдделі емес секілді.

Сондай-ақ, шетелдіктер өз аттарына жазылған жалған дипломдарынан бас тартып, олардың қайдан шыққанынан бейхабар екенін мәлімдепті деген мәлімет бар. Бәлкім, олардың шығу тегін Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағылар білетін шығар? Өйткені, білімсіз «инженерлерге» Қазақстанда жұмыс жасауға Жұмыс рұқсатын берген (және беруді жалғастыруда) солар ғой. Иә, екі британдық та ештеңе болмағандай БМТ АРГОСС Би Ви компаниясында жұмыс жасауды жалғастыруда. Мердігер компания NCOC N.V. қазақстандық заңнама алдындағы сансыз заң бұзушылықтары үшін түрлі айыппұлдар төлеп құтылуда. Айта кетелік, мемлекеттен 1,2 млрд теңге мөлшеріндегі салықты жасырып қалу фактісі оның қызметкерлерінің ісі секілді тергелуде. Соған қарағанда, бұл кішкентай компания біздің тергеу органдары алдында әлдебір ерекше иммунитетке ие секілді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

7 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.