Атырау, 29 қараша 09:34
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Сатушының қателігі

2 136 просмотра

Image 0Балықшыдағы супермаркеттердің бірінен персоналдың біліксіздігі салдарынан кешкі уақытта азық-түліктерді сатып алу қала тұрғыны үшін сұмдыққа айналды.

Оның айтуынша, ол супермаркетке жұмыс күнінен кейін сейсенбіде, сағат 22-ден кейін кірген. Көп зат алған, кассаға келгенде сатып алушының бірнеше жүз теңгесі жетпей қалады. Осыдан кейінгі орын алған жағдай, тіпті, ақылға қонбайды. Әдеттегі мұндай жағдайда «соғылған» тауарды жою үрдісі, анықталғандай, сағат 19-дан кейін қолданылмайды екен. Әкімші болмады, өйткені, оның жұмыс күні сол уақытта аяқталғанын. Ал қалған персонал ақылға сыйымсыз әрекет жасаған.

Кассир кассаны жауып, ақша талап ете бастады. Оған жәрдемдесу үшін екі күзетші жүгіріп келді. Ер адамның өзі шарасыз күйде қалады. Тауарды тастап, кетіп қалуға күзетшілер кедергі келтіреді. Ақша төлеуге де оның мүмкіндігі болмайды.

Жабық кассаға тұрған кезек көбейген кезде ахуал шегіне жетеді. Біреу супермаркетке, енді бірі қобыраған сатып алушыға ренжіді. Сөйтіп, бұл іс тұйыққа тірелді. Бағына қарай, жарты сағат кикілжіңнен соң әлдебіреуден әкімшінің телефон нөмірі табылды. Анықталғандай, сағат 19-дан кейін тауарды қайтармау туралы ереже шынымен де қолданыста бар екен. Бірақ! Ол тек үйге кетіп қалған тауарларға ғана қатысты екен. Келесі күні, оларды егер дәлелді себептермен және чегі бар болса, супермаркетке қайтаруға болады екен. Алайда персонал басшылық болмаған кезде тауарды сатып алушыдан қабылдамау және егер касса алдында болса, тауарды жоюды жүзеге асырмау деген бұл ережені сөзбе сөз мағынада қабылдаған. Сатып алушының бұл жағдайда не істеу керектігін оларға ешкім түсіндірмеген.

- Бар мәселе персоналда, - деп телефон арқылы түсіндіруге тырысты әкімші. – Оларға бәрін түсіндіргендей едік, шамасы, олар түсінбеген ғой...

Супермаркетке қожалық ететін компания әкімшілігі де дәл осылай айтты. Тауарды «қайтару» және «жою» - әртүрлі түсініктер. Қайтару тек әкімшінің қатысуымен сағат 9.00-ден кешкі 19.00-ге дейін мүмкін болады. Жоюды чекті көрсеткенге дейін кассада жасауға болады.

Әйтеуір, іс шешіліп, басшылықтың өтінішімен тауарларды кері жойып, ренішті сатып алушыны жөніне жіберіпті.

Дүкендер мен супермаркеттердегі нашар сервис көптен бері айтылып жүрген әңгіме, біз бұдан әлі талай уақыт арыла алмаспыз.

Анастасия ПАСТУХОВА

7 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.