Атырау, 21 тамыз 13:14
 дождьВ Атырау +27.1
$ 458.23
€ 535.99
₽ 5.46

​15 келі марихуана үшін 11 жыл жаза алды

3 195 рет қаралды

Image 0Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат С-ны аса ірі мөлшерде есірткі құралын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдағаны үшін кінәлі деп таныды.

- Тараз қаласының тұрғыны өзінің Subaru Forester маркалы көлігімен Атырау қаласына 15 келі марихуана әкелген. Оны осы жүкпен атыраулық полицейлер ұстады, - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ.

Сотталушы ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-тармағының 3-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.