Атырау, 21 желтоқсан 06:49
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

​Газ өртеу 125 миллионға шықты

3 039 просмотра

Image 0Теңіз кенішіндегі алаулар. "АЖ" мұрағаты.«Теңізшевройл» компаниясынан 125 млн теңге шамасында экологиялық зиян өндіріліп алынды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Экология департаменті ТШО-ға қатысты 124 614 855 теңге мөлшерінде зиянды экономикалық бағалау сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап-арыз берген. Экологтардың мәліметінше, 2015 жылдың 13 сәуірінде 0130 КТЛ алауында компрессорлардың тоқтауы салдарынан шикі газ өртенген.

Атырау облыстық Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап-арыз толықтай қанағаттандырылды. Мемлекет кірісіне 124 614 855 теңге мөлшерінде зиянды экономикалық бағалау сомасы мен 3 738 446 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж салығы өндіріліп алынды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

6 қаңтар 2016, 17:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.