Атырау, 7 мамыр 10:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +22
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Аудан жаңалықтары

2 656 просмотра

Исатай ауданы

Аққыстау поселкесінде Каспий құбыр желісі консорциумының демеушілігімен және «БолатД» ЖШС күшімен ардагерлер аллеясы қалпына келтірілді. Құрылыс жұмыстарына 35 млн теңге жұмсалды.

Аудан әкімінің орынбасары Мәди ӨТЕҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, салтанатты түрде ашылған жаңа аллеяның айналасы қоршалып, әсем қақпа орнатылып, отырғыштар және ҰОС ардагерлері мен Социалистік Еңбек Ерлеріне арналған ескерткіш қойылған. Соғысқа аттанып, хабарсыз кеткен 1 620 боздаққа арналған естелік қабырға және құлсарылық мүсінші Серік МӘТЕНИЯЗОВТЫҢ қолынан шыққан ана мен жауынгердің бейнесі мүсінделген ескерткіш орнатылған.

***

Құрманғазы ауданы

Ганюшкино ауылында 280 орындық «Балбөбек» жаңа балабақшасы пайдаланылуға берілді.

Балабақша заманауи үлгіде салынып, қажетті жабдықтармен қамтылған.

***

Аудан әкімінің орынбасары Жандос БЕКТЕМІРОВ Құрманғазы ауданы балықшыларының биылғы жоспарды асыра орындап шыққанын хабарлады.

Балықшылар жоспарды бір тоннаға асыра орындап, 4,5 тонна балық аулаған.

Балық аулаудан «АқсуҚиғаш» ЖШС мен «Сәрсенбаев» ШҚ алда келеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.