Атырау, 29 қараша 09:39
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Жетімнің күйін кешкен музей

1 859 просмотра

Image 0Жылыой аудандық тарихи-өлкетану музейінің жөндеу көрмегеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Ғимарат әбден ескірген, шатырынан су ағады. Музей қызметкерлеріне жәдігерлерді сақтап қалу қиындап барады.

Музейде 5 мыңға жуық жәдігер бар. Шежірелік құжаттамалар мен басқа да құнды деректер музейдің үлкен залынан орын алған (суретте). Күн суықта, қатты аяздарда зал іші суық тартып тұрады. Себебі, жылу батареялары дұрыс жұмыс жасамайды. Мұражай қызметкерлері музейді тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтарының алдында қатты ыңғайсызданып қалатындарын айтады. Жай жөндеуге бөлінген қаржы ештеңеге жетпейді. Мәселен, 2015 жылы 250 мың теңге ғана бөлінген.

- Төбедегі шатырды қанша рет жамадық, жауынды күні бәрібір ішке су өтеді, - дейді Атырау облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Атамұра» КМҚК басшысы Қуантқан САНАХАЕВА.

Қоршауы жоқ болғандықтан автокөліктер музейдің дәл алдынан өтеді. Соның салдарынан ойдым-ойдым жерлер пайда болған.

2006 жылғы 14 қарашадағы қала әкімінің №482 шешімімен мұражайға тұрақты пайдалануға 0,3128 га жер телімі берілген. Бірақ 2011 жылы сот шешімімен 0,1723 га болып қысқартылып қалды. Кейін ғимаратқа жақын орналасқан тұрғын үйлер иелерінің жер аумағының бір шетін аулаларына қосып алғаны белгілі болды.

- Осы жер аумағына қатысты жүйесіздіктің бәрі қоршаудың болмауынан, - дейді Қуантқан Санахаева. - Жерді заңдастыру актісін және кәсіпорынның төлқұжатын қайта-қайта жасауымызға тура келді. Ғимаратты қоршау үшін ақша сұраттық, 2014 жылдың қараша айында бізге 4 млн теңге бөлді. Бірақ мұны созылып кеткен тендерлік шараның кесірінен сол жылы игеріп үлгермедік. Сондықтан, біз басшылыққа бұл жұмыстарды 2015 жылға қалдыру жөніндегі өтініш хатымызды жолдадық. Енді бізге уақытында игермегеніміз үшін ақшаны бермей отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

7 қаңтар 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.