Атырау, 26 қараша 14:45
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

КХДР сутек бомбасы сынақтан сәтті өткенін хабарлады

2 398 просмотра

Image 0Солтүстік Корея билігінің өкілдері Янгандо провинциясындағы Пхунгери полигонында ядролық сынақ өткізілгенін растады. Бұл 2005 жылы КХДР өзін ядролық держава деп жариялағаннан бері тіркелген төртінші сынақ. Бұл жолы КХДР сутек бомбасы сынақтан сәтті өткенін орталық телеарна арқылы мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Мәлімдемені оңтүстіккореялық телеарналар да жария етті.

КХДР 2005 жылы өзін ядролық держава деп жариялағаннан бері төртінші мәрте сынақ өткізіп отыр. Оңтүстіккорялық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ядролық құрылғы жер сілкінісінің ошағы орналасқан 100 метр тереңдікте сыналуы мүмкін.

Мәскеу уақыты бойынша сағат 06.00-де Сеулде Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Бұған дейін БАҚ өкілдері Пхунгери ядролық полигонында жерасты дүмпулері сезілгені туралы жазған болатын. Жер сілкінісінің ошағы 1 километрге жетпейтін тереңдікте орналасқан.

Дереккөз: bnews.kz

6 қаңтар 2016, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.