Атырауда мереке күндерінде бір айлық жауын-шашын нормасы түсті. 5 қаңтарда 25 мың текше метр қар шығарылды.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметі, сондай-ақ, облыс орталығын 100-ден астам арнайы техника, соның ішінде 44 КамАЗ, 19 тиегіш көлік, 5 автогрейдер және басқалар қардан тазартып жатқанын хабарлады. 26 арнайы техника селолық округтерде жұмыс істеуде. "Арнайы автобазадан" басқа жолдарды тазартуға «Атырауинждорстрой» ЖШС, «Атырау Су Арнасы» КМК, "Батыс Альянс Строй" ЖШС, «УС-99» ЖШС және т.б. шықты. «АСА» Әуезов көшесі мен Жилгородокты, "Батыс Альянс Строй" - Владимирский көшесі мен Жеңіс бағы маңын, «УС-99» - Баймұханов пен Датов көшелерін тазалауда. Орталық Азаттық пен Әбілқайырхан даңғылдарын, Сәтпаев, Тайманов, Махамбет көшелерін және басқа негізгі жол түйіндерін "Арнайы автобаза" мен «Атырауинждорстрой» бөліскен. Қар тазарту жұмыстарына 250 коммуналдық жұмысшылар тартылды. Олар үшін қаланың үш нүктесінде ыстық тағам ұйымдастырылған.
Зульфия ИСКАЛИЕВА