Корольдік клубтың бас бапкерлігінен Рафаэль Бенитес кетіп, орнына Зинедин Зидан тағайындалды.
Бұл туралы «Реал» президенті Флорентино Перес баспасөз конференциясында мәлімдеді. Естеріңізге сала кетсек, өткен жылғы маусымда Бенитес корольдік клубпен 3 жылдық еңбек шартын жасасқан еді. Бірақ, команда ойындарының тәуір нәтижелеріне қарамастан, күзде Рафа Бенитес пен «Реал» футболшыларының арасы алшақтай түсті. Ақыры испандықты отставкаға жіберу туралы шешім қабылданып, 2012 жылдан бері «Реал» академиясында бапкер болып жұмыс істеген француз Зинедин Зидан бас бапкер тағайындалды, деп хабарлайды vesti.kz.
Дереккөз: 24.kz