Атырау, 26 қараша 14:46
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Менделеев кестесінде тағы төрт жаңа элемент пайда болды

23 136 просмотра

Image 0Химиялық элементтердің периодтық кестесі.Wikimedia commons

Алматы. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Менделеев периодтық кестесінде тағы төрт жаңа химиялық элемент пайда болып, кестенің жетінші қатарын бітірді, деп жазады РБК.

«Атомдық номерлері 113, 115, 117 және 118 химиялық элементтер ресми түрде периодтық таблицаға енгізілді. Олардың үшеуінің ашылуы бірлескен ресей-американдық коллобарацияға, ал 113-ші желементті ашу - жапондықтарға бұйырды. Элементтер ресми түрде Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағымен (ИЮПАК) расталды», - делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, ИЮПАК 115, 117 және 118-ші элементтердің ашылу атағын Дубнодағы ресейлік Ядролық зерттеулердің біріккен институты мен американдықтардың Калифорниядағы Ливермор ұлттық зертханасының біріккен командаларына берді. 113-ші элементтің ашылу атағы жапондықтардың «Рикагаку Кенкусё» (Riken) Физика-химиялық зерттеулер институтының ғалымдарына берді.

«Элементтерді ашқандар енді сол элементтерге ат беру және екі әріптен тұратын таңба беру құрметіне ие болады. Оған бес ай беріледі, Одан кейін элемент аты мен таңбасын ИЮПАК бекітеді», - делінген хабарда.

Осы барлық төрт элемент те жасанды түрде синтезделді. Ол элементтер ураннан ауыр және табиғи ортада кездеспейді. Периодтық кестенің соңғы жағында орналасқан аса ауыр жасанды элементтер әдетте секундтің аздаған бөлігінде ғана өмір сүреді де одан соң басқа элементтерге ыдырап кетеді.

Хабарда айтылғандай, бұл 2011 жылдан бергі перидтық кестенің алғаш рет кеңеюі. Сол жылы 114-ші және 116-шы элементтер ашылған болатын. Химиялық элементтерді атомдық салмағы бойынша периодтауды алғаш рет 1869-шы жылы ресейлік ғалым Дмитрий Менделеев енгізген болатын.

Дереккөз: ҚазТАГ

5 қаңтар 2016, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.