Атырау, 26 қараша 14:26
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Әзірбайжандық миллиардер жұмысшыларының банктегі қарыздарын түгелдей төлеп берді

1 326 просмотра

Image 0

60 жастағы ресейлік кәсіпкер Фархад Ахмедов Әзірбайжандағы кәсіпорындарының бірінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің банктердегі қарыздарын түгел төлеп берді. Бұл туралы Minval.az хабарлады.

Басылымның мәліметінше, 10 күн бұрын Ахмедовтің анасы қайтыс болады. Анасын жерлеу үшін Генчай қаласына келген ол анар шырынын өндірумен айналысатын зауытқа барып, 150 қызметкердің 80-нен астамы банктерге қарыз екенін біледі. Кейін миллиардер жұмысшылардың қарыздарын түгелдей төлеп береді. Оның нақты қанша қаражат жұмсағаны белгісіз.

Фархад Ахмедов Бакуде дүниеге келіп, 1970 жылы Мәскеуге көшіп кеткен. 1986 жылы Ұлыбританияға кеткен ол кәсіпкерлікті бастайды. 1987 жылы газ өндіретін кәсіпорындарды құрылғымен жабдықтайтын Tansley Trading компаниясын ашады.

Ресейге қайтып оралғаннан кейін миллиардер саяси мансабын бастайды. Forbes журналының мәліметінше, 2013 жылы Ахмедовтің байлығы 1,4 миллиард долларға бағаланған. Ол Кеңес үкіметі кезінде әкесі жұмыс істеген анар шырынын шығаратын Aznar ЖАҚ-тың Директорлар кеңесінің төрағасы.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 қаңтар 2016, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.