Атырау, 9 қазан 11:23
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Жаңа жылды қарсы алған соң көз жұмды

3 247 просмотра

Қаңтардың 1-і күні таңғы сағат 5 шамасында Индербор кентінде соңы кісі өліміне әкеп соқтырған ЖКО оқиғасы орын алды.

Кафеден шығып келе жатқан үш адамның біреуі ұялы телефонымен сөйлесіп, кейін қалып қояды. Сол сәтте «Ниссан Максима» жеңіл көлігі алдыңғы келе жатқан ерлі-зайыптыны қағып кетеді. Ер адам сол жерде мерт болды, ал әйел адам ауыр халде аудандық ауруханаға жеткізілді. Көлік иесі 25 жастағы Индербор тұрғыны болып шықты.

Индер аудандық ІІБ бастығы Иманғали СҰЛТАНОВТЫҢ хабарлауынша, бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 345-баптың 3-тармағы бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тергеу амалдары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 қаңтар 2016, 22:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.