Атырау, 19 мамыр 07:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жаңа жыл қарсаңында Дубай қонақ үйінде шыққан өрт 40 қабатты жалмады

1 744 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайдағы Address Downtown қонақ үйінде шыққан өрт 64 қабатты ғимараттың 40 қабатын жалмады, деді Дубай азаматтық қорғаныс басшысы Рашид Тхани әл-Матруши.

31 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 21:30-да, болжам бойынша, 20-шы қабатта өрт шығып, ғимараттың шатырына дейін шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін 14 сағат кетті, деп атап өтті әл-Матруши.

Оның сөзіне қарағанда, қатты жел жалынды сөндіруге кедергі келтірді. Өртпен бес бригаданың құтқарушылары арпалысты. Олардың төртеуі оқиға орнында болған, өйткені бұл ауданда Жаңа жылда қалалық отшашу болады. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, адамдар ғимараттан қаупсіз жерге жылдам шығарылды, деп жазды РИА Новости.

Дубай полициясының басшысы Хамис Матар әл-Мазейн айтқандай, 14 адам аздап жапа шекті.

Дереккөз: inform.kz

2 қаңтар 2016, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.