Атырау, 26 қараша 14:33
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Брюссель орталығында лаңкестік қаупінен жаңажылдық от шашулар өткізілмейтін болды

3 666 просмотра

Билік Брюссель орталығында террорлық акт қаупіне байланысты дәстүрлі жаңажылдық от шашулар өткізуге тыйым салды.

АСТАНА, 31 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Билік Брюссель орталығында террорлық акт қаупіне байланысты дәстүрлі жаңажылдық от шашулар өткізуге тыйым салды деп хабарлайды РИА Новости RTBF телеарнасына сілтеме жасап.

Сейсенбі күні бельгиялық прокуратура Брюссельге шабуыл жасауды жоспарлаған екі күдіктінің ұсталғанын хабарлаған болатын. Полицейлік рейдтер жүргізу барысында олардан электронды материалдар, арнайы киімдер және «Ислам мемлекеті» экстремистік топтарының үгіт-насихат материалдары тәркіленіп алынған.

Ал бұдан бұрын, дәлірек айтқанда, 24 желтоқсанда полиция қызметкерлері қараша айында Парижде жарылыс ұйымдастырған топтың тоғызыншы мүшесін тұтқындаған еді.

Федералдық прокуратура қызметкерлерінің айтуынша, тұтқындау шарасы бұдан сәл бұрын қолданылғанымен, оның сыбайластарын шошытпау үшін бұл туралы ешқандай хабар таратылмаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері басты күдікті — Салах Абдесаламды іздестіруде.

Парижде 13 қарашада болған лаңкестік жарылыстан соң Брюссельде бірқатар көпшілік іс-шаралар өткізуге тыйым салына бастады. Ал көшелерде әскерилер патрульдік күзет ұйымдастырды. Сондықтан, биыл Брюссель жаңа жыл мерекесін жылдағыдай үлкен ауқымда тойламайтын болды.

Дереккөз: newskaz.kz

31 желтоқсан 2015, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.