«Селена» мейрамханасында мүгедек балаларға арналған қайырымдылық шыршасы өтті.
Шараға тірек-қозғалыс аппараты мен көру қабілеті бұзылған 3-тен 18 жасқа дейінгі елу шақты бала қатысты. Мерекелік дастархан тәттілер мен торттарға толы болды.
«Өмір гүлі» ансамблінің жетекшісі Тыныш ЖАКУПОВА:
– Баршасына – балаларға сыйлық ұсынған демеушілерге, мейрамханаға дейін және кері үйлеріне апаруға көмектескен «Жүректен жүрекке» қозғалысының жігіттеріне рахмет айтқым келеді. Кеш тамаша өтті.
Біздің ұжымнан қатысушы, Атыраудағы ең бойы кішкентай қыз Ақерке БОРАН ағылшын тілінде Someone like you («Кто-то как ты») деген ән шырқады және концерттің жүргізушісі болды. Басқа қатысушы Рита РУШАН әлем халықтарының билерінен попурри орындады. Рүстем БАЯЗИТОВ «Астана» әнін жан толғандыра айтып шықса, «ЖАСА» вокалды-аспаптар ансамблі 80-ші жылдардың хиті «Белые розы», «Есть красивая одна девушка на земле», Ғаділбек ЖАНАЙДЫҢ «Ханшайымым» әндерін орындады.
Жакупованың айтуынша, демеушілердің сыйлықтарды көп әкелгені сондай, бір қолға үш-төртеуден үлестіруге тура келген. Тағы да көп сыйлықтар қалды. «Өмір гүлі» ансамблінің мүшелері Р. Рушан, Р. Баязитов, Альбина ТӨРЕМҰРАТҚЫЗЫ және Ринат СИРАЖЕВ үйлерінен шығуға мүмкіндігі жоқ мүгедектердің үйіне барып, концерт қойып, қалған сыйлақтарды үлестіруді ұйғарды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Т.Жакупова