Құлсары қаласында «Бипэк-Авто» орталығынан қатарынан жеті велосипед ұрланған. Полиция 43 жастағы күдіктіні ұстады. Заттай айғақтар алынды. ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
***
«Атырау» ДСК-нің киім ауыстыратын бөлмесінде 19 жастағы спортшының күртесінен 94 мың теңге жоғалған. 21 жастағы күдікті ұсталды. Тергеу жүргізілуде.
***
Желтоқсанның басында Алмагүлдегі үйлердің бірінің подъезінен белгісіз біреу 80 жастағы әйелді тонаған. «Самсунг» ұялы телефоны мен 3700 теңге қылмыскердің олжасына айналған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Телефон тәркіленді.
***
Белгісіз біреу «Насихада» 50 жастағы ер адамның пиджагының қалтасынан 27 мың теңге салынған әмиянын ұрлаған. Сол кезде ер адам киім киіп қарайтын жерде болған. Ұрының жеке басы анықталды. Ол 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Іздеу жарияланды.