Атырау, 29 қараша 09:55
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Чек жинап, 200 мың теңге ұтты

3 341 просмотра

Image 023 желтоқсанда «Түбіртек талап ет – сыйлық ұт» республикалық акциясының қорытындысы шығарылды. Атырау облысы Жылыой ауданының тұрғыны 200 мың теңге ұтып алды.

Мемлекеттік кіріс комитеті мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының акциясы 1 сәуір мен 30 қараша аралығында өтті. Мақсаты – тұтынушылар құқығын қорғау және бюджетке түсетін салықтық төлемдерді арттыру. Атыраудың «Көктем», «Мұрагер», «Дина», «Насиха», «Атырау», «Тамаша» ойын-сауық сауда орталықтары сияқты ірі сауда үйлерінде, аудандардағы сауда орынжайларында, мемлекеттік кіріс басқармасының барлық ғимараттарында және мектептерде кассалық түбіртекті ойын купондарына ауыстыратын 30 бекет ұйымдастырылды.

Атырау облысында барлығы 130 190 түбіртек жиналды. Акция кезеңдермен, алдымен аудандық, кейін облыстық деңгейде өтті. Жеңімпаздар әр ай сайын ойын купондарын кездейсоқ таңдау жолымен анықталды және теледидар, планшеттер, қысқа толқынды пештер, миксерлер, электр шәйнектері, ыдыс-аяқ және тағы басқа сыйлықтарға ие болды. Олар, сондай-ақ, республикалық деңгейде бейнеконференция түрінде өткен, ақшалай сыйлықтар мен автокөлік тігілген үшінші кезеңге қатысу құқығына ие болды. Біздің өңірімізден қатысқан адам ақша алса, бас жүлде - «Chevrolet» автокөлігі Шығыс Қазақстан облысына кетті.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

31 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.