Атырау, 18 мамыр 21:41
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​2015 жылы алтын әкелгендер

4 319 просмотра

Image 3
2015 жылы алтыннан алқа таққан атыраулық
спортшыларды оқырмандар назарына
тағы бір ұсынамыз.

Қаңтар

Жәнібек Мүбинов – Петропавлда өткен 2002-08 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында жүзуден ҚР чемпионатының «алтыны».

Юсуф Мұхтасип – Алматыда өткен 2002-08 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында тай боксынан ҚР чемпионатының «алтыны»

Ақпан

Image 0Дидар Жеңісов, Еламан Саясатов, Айнель Қадырова – Алматыда өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасында тай боксынан ҚР чемпионатының «алтыны».

Ғалымжан Қалимов пен Ищан Галиев – Алматыда өткен ересектер арасында тай боксынан ҚР чемпионатының «алтыны»

Наурыз

Мөлдір Қажимова – Шымкентте өткен 20 жасқа дейінгі зағип мүгедектер арасында дойбыдан ҚР чемпионатының «алтыны».

Бекарыс Жұмалиев – Таразда өткен дойбыдан ҚР чемпионатының «алтыны».
Жадыра Хайруллина – Түркістанда өткен 2001-03 ж.т. кадеттер арасында таэквондодан ҚР чемпионатының «алтыны».

Канат Сейілхан – 1995-96 ж.т. жастар арасында дзюдодан ҚР чемпионатының «алтыны».

Қайырберді Айдымбай, Елшат Әбу – Петропавлда өткен самбодан ҚР чемпионатының «алтыны».


Сәуір

Қайрат Өтеген – грепплингтен ҚР чемпионатының «алтыны».

Ағайынды Серікжан және Сәлімжан Сәлімгереевтер – Қызылордада өткен 2001-02, 2003-04 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында кикбоксингтен ҚР чемпионатының «алтыны».

Сағадат Жолдасбаев, Үмбет Шакиев, Динара Ұзақбаева – таеквондодан ҚР спартакиадасының «алтыны».

«Атырау Барыстары» командасы – баскетболдан Қазақстан Жоғары лигасының «алтыны».

Владимир Мичри – Архангельскіде өткен кір тасын көтеруден әлем чемпионатының «алтыны».

Нұрәділ Жамбыл – Қызылордада өткен жасөспірімдер арасында шахматтан ҚР чемпионатының «күмісі».

Алексей Пригоров, Антон Захаров – Алматыда өткен суға секіруден ҚР чемпионатының «алтыны».

Жомарт Мұрат, Қуандық Жаңбырбаев, Асыланбек Тәженов, Азамат Өтеулиев, Тыныс Бисалиев, Ернар Қожахметов, Жасұлан Хасимов, Жақсылық Кереев және Әбілхайыр Дүйсәліпов – Оралда өткен панкратион, грепплинг және ММА-дан ҚР чемпионатының «алтыны».

Нұржан Қазиханов – Анталияда өткен армрестлингтен Азия чемпионатының «алтыны».

Қазбек Сапенов – Түркістанда өткен олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 1997-98 ж.т. жастар арасында бокстан халықаралық турнирдің «алтыны».

Мамыр

Құрманбай Әшетов – Өскеменде өткен ардагерлер арасындағы тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатының «алтыны».

Көркем Кереева – Таразда өткен 1997-98 ж.т. жастар арасында кикбоксингтен ҚР чемпионатының «алтыны».

Нұржан Молдан – Талдықорғанда өткен қимыл-тірек аппараттары бұзылған мүгедек спортшылар арасында пауэрлифтингтен ҚР чемпионатының «алтыны».

Жасұлан Хасимов – Душанбеде өткен ММА-дан Азия чемпионатының «алтыны».

Райымбек Дүйсенов, Нұрахмет Досов, Қанат Әшімов, Ерлан Шакимов – Ақтөбеде өткен джиу-джитсудан ҚР чемпионатының «алтыны».

Рахман Әлжанов – Талдықорғанда өткен бокстан ҚР Спартакиадасының «алтыны».

Абзал Дүсіпов – Астанада өткен кәсіпқойлар арасында Азия чемпионатында чемпион титулы мен алтын белдікке ие болды.

Маусым

Image 2

Ануар Сариев – Сеулде өткен мүгедектер арасында дзюдодан Дүниежүзілік ойындардың «қоласы».

Махамбет Насихан, Раушан Орынбаева, Асылхан Саясатов, Дария Маутенова – Павлодарда өткен қимыл-тірек аппараттары бұзылған мүгедек спортшылар арасында үстел теннисінен ҚР чемпионатының «алтыны».

Жәнібек Тельманов – Степногорда өткен 2000-01 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында дзюдодан ҚР чемпионатының «алтыны».

Шілде

Нұртілек Қонашов – Лас-Вегаста өткен ММА-дан әлем чемпионатының «күмісі».

«Атырау» командасы – 2002 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында су добынан Қазақстан кубогының «алтыны».

Тамыз

Айболат Ыстыбай – Сараевода өткен 1997-98 ж.т. кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатының «алтыны».

Қыркүйек

Ермек Өміртай – Таиландта өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатының «алтыны».

Мейірлан Әсет – Петропавлда өткен кикбоксингтен ҚР чемпионатының «алтыны».

Сұңғат Закарияев – Атырауда өткен қазақ күресінен ҚР Кубогының «алтыны» және «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы.

Қазан

Image 1Талғат Жұмағалиев – Анталияда өткен панкратионнан әлем чемпионатының «алтыны».

«Атырау» командасы – волейболдан ҚР чемпионатының «алтыны».

Қараша

Сұңғат Закарияев – Қызылордада өткен ҚР ұлттық спорт түрлері фестивалінің «алтыны».

Ақжан Қапанова, Бекзат Сайынов, Абат Әмірханов және Жәңгірхан Амангелді – Көкшетауда өткен WKC-каратеден ҚР чемпионатының «алтыны».

Нұрсұлтан Нұрлығайын – Талдықорғанда өткен 23 жасқа дейінгі жастар арасында самбодан ҚР чемпионатының «алтыны».

Кирилл Литвинов, Эдуард Қабдешев – Португалияда өткен пауэрлифтингтен әлем чемпионатының «алтыны».

Абзал Дүсіпов, Жаналі Сәлімгереев, Жандос Назарбеков – Астанада өткен кикбоксингтен ҚР Кубогының «алтыны».

Ақылбек Сәтшібеков – Қарағандыда өткен кекушинкай каратеден ҚР кубогының «алтыны».

Желтоқсан

«Атырау» командасы – 2002 ж.т. және одан кіші ер балалар арасында су добынан ҚР чемпионатының «алтыны».

Айдана Еділбаева, Жадыра Хайруллина және Майра Сүйінбекова – 1998-01 ж.т. жасөспірімдер арасында таеквондодан ҚР чемпионатының «алтыны».

Ниджат Рахимов – Хьюстонда өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының «алтыны».

Рустамбек Жереншиев, Әсет Әлдешев, Ержан Қабделов, Аманжан Әбу, Райымбек Ашықбаев, Қалжан Тайжанова, Эльмира Самиғоллаева, Анель Сүлейменова – Атырауда өткен самбодан Азия чемпионатының «алтыны».

Суреттер «ЖС» мұрағатынан алынды

31 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.