Атыраудың сауда нүктелеріндегі бағалардың жыл ішінде өзгеруін «АЖ»-дың апта сайынғы мониторингі арқылы сараптап көрдік.
Бір қызығы, жылдың алғашқы жартысында азық-түлік бағасының біраз төмендегенін байқадық. Бағалар қаңтар айының ортасынан бастап төмен қарай сырғыды. Не әсер етті? Біріншіден, жаңажылдық қарбалас басылды. Екіншіден, РФ-да рубльдің құлдырауына байланысты Атырау нарығына арзан ресейлік тауарлар әкелінді, сондықтан да қазақстандық өндірушілерге өз өнімдерін арзандатуға тура келді. Мәселен, бірінші жарты жылдықта құстың аяғы (бағалық минимумы – 1 келісі 340 теңге), жұмыртқа (он данасы - 130 теңге), сүт (182 теңге), өсімдік майы (260 теңге), қант (160 теңге), күріш (1 келісі 160 теңге) бағалары біраз төмендеді.
Баға қалыптасуда күрт өзгеріске, әрине, тамыз айындағы девальвация қатты әсер етті. Егер тамыз бен қыркүйекте атыраулықтар бағаның аз-мұз өскенін байқаса, қазан-қараша айларында шарықтап кетті. 2015 жылы бағаның қалай өзгергенін кестеден көре аласыздар. Ақпараттардың шынайы болуы үшін біз мониторинг жүргізген нүктелердегі жылдың басы мен аяғындағы бағаларды ғана емес, сондай-ақ, жыл басынан тамызға дейінгі және тамыз девальвациясынан жыл аяғына дейінгі бағаларды да салыстырдық.
Тамара СУХОМЛИНОВА