Атырау, 29 қараша 09:51
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Апелляциялық алқаның жаңа төрағасы

2 611 просмотра

Image 0ҚР президентінің жарлығымен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының жаңа төрағасы болып Тәтті УӘЛИЕВА тағайындалды.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша, бұрын осы лауазымды атқарған Қамбар НҰРЫШЕВ Жоғарғы соттың судьясы лауазымына сайланды. Облыстық соттың төрағасы М.Бектұрғанов ұжымды алқаның жаңа төрағасымен және оның өмірбаянымен таныстырды. Өз еңбек жолын ол 1984 жылы Батыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасының адвокаты болып бастаған. 1992 жылы Батыс Қазақстан облысының Ақжайық аудандық сотының судьясы болып тағайындалған. Орал қалалық сотының судьясы болып жұмыс істеген. 1995 жылы Атырау облыстық сотының судьясы болып тағайындалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 желтоқсан 2015, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.