Атырау, 29 қараша 09:31
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Делдалдар үшін көптеу

2 435 просмотра

Image 0Биылғы жылдың мамырынан бастап «Қазақтелеком» АҚ-ның көптеген абоненттері қызмет төлеу кезінде өте жоғары комиссиялық алымдар алынатындығына наразылық білдіруде.

- Менің Қазақтелекомға төлеген соңғы төлемім 10000 теңгені құрады. Оларды ақпараттық дүңгіршек деп атайтын терминал арқылы төледім. Менен 2 пайызды – 200 теңгені ұстап қалды, яғни балансыма 10000 теңге емес, 9800 теңге түсті, - дейді оқырманымыз Олжас. – Түсініксіз 2 пайыз комиссиялық алым - өте көп. Банкалық кассалар арқылы төлесе де солай.

«Қазақтелеком» АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызмет жетекшісі Сара БАКИРОВАНЫҢ редакция сауалына берген жауабына сүйенсек, ақпараттық дүңгіршектер «Қазақтелеком» АҚ-ның балансында тұр. Бірлескен қызмет туралы келісімшартқа сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап бүкіл ақпараттық дүңгіршектер «Orion PRO» компаниясына жалға берілген. Ол өз кезегінде биылғы жылдың мамырында әр төлем сайын 3 пайыз комиссиялық алым енгізді. «Қазақтелеком» АҚ басшылығы «клиенттерге қолайлы болу үшін» шеткері мекемемен бірлесе жұмыс істеу қажеттілігін түсіндірді: енді адамдар тек телекоммуникациялар ғана емес, бүкіл ықтимал қызмет спектрін ақпараттық дүңгіршектер арқылы төлей алады.

Төлемдерді өңдегені үшін комиссия мөлшеріне келер болсақ, оны «Orion PRO» ЖГС «Қазақтелеком» АҚ қатысуынсыз, өзі белгілейді, - делінген «АЖ» сауалына берілген жауапта.

Бұл жаңалық бүкіл Қазақстан бойынша абоненттер арасында наразылық туғызып, «Orion PRO» ЖШС бір ай өткен соң комиссиялық алымды 2 пайызға дейін төмендетті.

Таяу уақытқа дейін «Қазақтелеком» абоненттерінде, кем дегенде, Kaspi Bank төлем терминалдары және Homebank жүйесі арқылы қызметті комиссиясыз төлеудің екі тәсілі болған еді. Бірақ енді ондай мүмкіндік жоқ. Өйткені, төлем мекемелерінің көпшілігі биылғы жылдың маусымынан бастап «Қазақтелеком» АҚ қызметі үшін төлемдерді делдал - «Instant Payments» ЖШС арқылы қабылдауға мәжбүр. Ол өз кезегінде олардан 2 пайыз мөлшерінде комиссия ұстайды. Сондықтан Kaspi Bank осы қызметті тоқтатты, ал Homebank делдалдың комиссиясын абоненттің әмиянына жүктеп қойды.

Өз жауабында С.Бакирова «телекоммуникация қызметін комиссиясыз төлеудің баламалы арналары - «Қазақтелеком» АҚ сервисінің желілері пункттерінен алуға болатын бірыңғай «Төлем» картасы және telecom.kz порталы болып табылады. Мұнда біз telecom.kz порталына ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені, электронды коммерция мен электронды төлемдер мәселелері мемлекетік деңгейде көтерілген. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қазақтелеком» АҚ сервисі желілерінде корпоративтік сайт арқылы төлем жасауды абоненттерге үйрететін демо-нүктелер ұйымдастырылды. Сол жерде Интернетке қосылатын орындар ұйымдастырылған және кез келген ниет білдіруші кеңесшілердің көмегімен өздерінің банктік кәртішкелері арқылы біздің қызметімізді төлей алады. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ ҚР аудан орталықтарынан төмен ауылдық елді мекендерде «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы төлемді жүзеге асырған жағдайда төлем қабылдау үшін комиссияны жабу құқығын қалдырады» деп хабарлайды.

Алайда «Төлем» картасы тек ауылдық жерлердегі абоненттерге ғана қолжетімді. Ал telecom.kz порталы арқылы төлеуге барлығында бірдей мүмкіндік бола бермейді. Атап айтқанда, бұдан зейнеткерлер мен аз қамтылған отбасылар ұтылып отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

30 желтоқсан 2015, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.