Атырау, 19 мамыр 08:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

DuPont 1,7 мың қызметкерін қысқартады

1 686 просмотра

Image 0Америкалық DuPont химиялық компаниясы 2016 жылы Делавэр штатындағы 1,7 мың қызметкерін жұмыстан қысқартпақ. Бұл жөнінде компанияның бас атқарушы директоры Эбвард Брин мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Әр қызметкерге жеке хабарлама жіберіледі. Дегенмен 31 желтоқсанға дейін күтпей, оларды үлкен өзгерістер жайлы ақпараттандырып қоюды жөн көрдік»,- деді Брин.

11 желтоқсан күні компания Dow Chemical-мен бірлесу туралы жариялаған болатын. Жаңа құрылым DowDuPont деп аталмақ. Dow Chemical басқарушысы 61 жасар Эндрю Лиеверс директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалады. Қызметкерлер қатарын қысқарту осы өзгерістерге байланысты туындаған.

Бұған дейін әлемдегі ең ірі химиялық компания DuPont 2016 жылдың соңына қарай шығынды 1,3 млрд долларға қысқартуды жоспарлаған болатын.

Дереккөз: bnews.kz


30 желтоқсан 2015, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.