Атырау, 26 қараша 14:41
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Грузия парламенті елдің жаңа премьерін бекітті

1 896 просмотра

Image 0

Грузия парламенті бұрынғы сыртқы істер министрі Георгий Квирикашвилиді елдің жаңа премьер-министрі етіп бекітті. Квирикашвилиді премьерлікке басқарушы "Грузия арманы" коалициясы Ираклий Гарибашвили өткен аптада премьерліктен отставкаға кеткен соң ұсынған.

Парламент спикері Давид Усупашвилидің хабарлауынша, 29 желтоқсанда өткен дауыс беруде депутаттар жаңа үкімет құрамын да бекіткен. Жаңа үкіметті 86 депутат қолдап, 28 депутат қарсы дауыс берген.

Квирикашвили мен басқа да министрлікке ұсынылған үміткерлер 28 желтоқсанда парламент алдында Женевада өткен Мәскеумен Кавказдағы қауіпсіздікке қатысты келіссөз, "Газпром" компаниясымен газ келіссөзінен бастап Ресеймен жалпы қарым-қатынас мәселелеріне дейінгі сұрақтарға жауап берген.

48 жастағы Квирикашвили бұған дейін бірінші вице-премьер болған. Ол парламент алдында Грузияның еуро-атлантикалық интеграция бағытынан айнымайтынын мәлімдеген. Квирикашвили бұған қоса Мәскеу егер Грузияның егемендігі мен территориялық тұтастығын мойындаса Тбилиси Ресейге қатысты "прагматикалық саясат" ұстана беретінін айтты.

Дереккөз: Азаттық радиосы

30 желтоқсан 2015, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.