Атырау, 29 қараша 09:42
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Әкімдік қоғамдық қызметкерлермен қалай жұмыс істейді?

2 297 просмотра

28 желтоқсанда Өңірлік телекоммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия ҚЫСТАУБАЕВАНЫҢ қатысуымен брифинг өтті.

Әділет органдарының мәліметінше, Атырау облысында 556 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) тіркелген. Оның ішінде 100 шақтысы жұмыс істейді. ҮЕҰ-дың бір бөлігі басшылықтың ауысуы салдарынан қызметін тоқтатқан, басқалары кезінде бір жобаны жүзеге асыру үшін құрылған. Қазіргі кезде жұмыс істемейтін ҮЕҰ-ды жабу жұмыстары салық органдарымен бірлесіп жүргізілуде. Белсенді қоғамдық бірлестіктер жастар саясатын, гендерлік саясатты жүзеге асыру, мүмкіндіктері шектеулі жандарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау және т.б. салада жұмыс істейді. Жұмыс жасап тұрған ҮЕҰ негізгі бөлігі облыс орталығында шоғырланған, аудандар арасында Жылыой (10 ҮЕҰ) ауданы анағұрлым белсенді. Басқа аудандарда екеу-үшеуден артық емес.

Анағұрлым белсенді ҮЕҰ арасынан Ә.Қыстаубаева «Болашақ К», «Мүгедек әлемі», «Жүректен жүрекке», «Глобус», «Мирас», «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы», «Жас ұлан», «Азаматтық Альянс», облыстық Іскер әйелдер қауымдастығы, «Шаңырақ-2008», «Жастар таңдауы – Атырау», «Шапағат», «Жерұйық», «Жылыой-Демеу», «Дендер», «Нұртамшы» және т.б. атады. Олардың көпшілігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік органдармен жұмыс жасайды. Ә.Қыстаубаеваның айтуынша, облыстағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі жыл сайын көбеюде. 2015 жылы облыстық, қалалық әкімдіктер және Индер, Исатай, Қызылқоға, Мақат және Махамбет аудандарының әкімдіктері 44 үкіметтік емес ұйымға 84 әлеуметтік жобаны жүзеге асыру үшін жалпы мөлшері 200 млн теңгедей қаржы бөлген.

Әрі қарай ҮЕҰ анағұрлым әлеуметтік проблемаларды шешуге тартылатын болады. Солардың қатарында жасөспірімдер суициді, ана мен бала денсаулығы, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көмек көрсету проблемалары бар. Бұл жұмыс «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңға, «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар есебімен жүргізілетін болады. Олар 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Енгізілген жаңалықтардың бірі – анағұрлым белсенді ҮЕҰ-ға гранттар бөлу және сыйақылар тағайындау. Бұдан басқа, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс енді мемлекеттік сатып алулар порталына орналастырылатын болады және байқау электронды форматта өткізіледі, яғни, ықтимал жеткізушілердің міндетті түрде электронды сандық қолтаңбасы болуы тиіс.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 желтоқсан 2015, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.