Атырау, 26 қараша 14:41
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Иран әлсіз байытылған уранын Ресейге жөнелтті

1 392 просмотра

Image 0Вашингтонның мәлімдеуінше, бортында 11 тоннадан астам әлсіз байытылған ураны бар кеме Ираннан Ресейге аттанған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің сөзіне қарағанда, уранды елден шығару - Иранның әлемдік державалармен жасасқан келісімін орындаудағы үлкен қадам.

"Иранның әлсіз байытылған уранын жою Тегеранның өзінде 300 килограмнан артық уран ұстамау туралы міндеттемесін орындаудағы маңызды қадам саналады" деді Керри.

Әлсіз байытылған уран электр қуатын өндіруге арналғанымен, қосымша байыта түссе оны ядролық қару жасауға пайдалануға болады. Әлсіз байытылған уранды жою Иранның әлемдік державалармен жасасқан келісіміндегі басты міндет саналады.

Келісімде бұған қоса, Иран уран байытуда қолданылатын центрифуга санын күрт қысқартуға және плутоний өндірісін азайту үшін реакторын қайта бейімдеуге міндеттемелер алған.

Иран бұл міндеттемелерді орындаса, халықаралық қауымдастық бұл елге салынған санкциялардың түгелге жуығын алып тастайды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

29 желтоқсан 2015, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.