Атырау, 29 қараша 08:46
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Жаңа жыл түні аязды болады

2 593 просмотра

Атырауда ауа райы әлі де болса жылы болып тұр. «Қазгидромет» РМК филиалының деректері бойынша, Атырауда ең алғашқы салқындық 13 қазанда түскен, сол күні термометр бағанасы -4 градусқа дейін төмендеген еді. Осы салқындық екі күн тұрып, Жайық беті аздап құрсауланып, бір күн өткеннен кейін еріп кетті.

Екінші рет ауа температурасының төмендеуі 28 желтоқсанға қараған түні тіркелді. Атырауда -3, облыстың басқа аймақтарында -4 -5 градусқа дейін салқындады. Синоптиктер алға қарай тек салқындай береді деп болжам жасайды. Облыс аумағына Солтүстік Атлант циклоны кіреді.

«Қазгидромет» РМК метео болжамдар бөлімінің басшысы Күлайна МЫРЗАШЕВАНЫҢ айтуынша, 31 желтоқсанда облыс бойынша қар жауып, боран соғады, ауа температурасы 8-10, кей жерлерде 17 градусқа дейін суытады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 желтоқсан 2015, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.