Атырау, 29 қараша 08:57
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Бізге тәуелсіз кәсіподақты еске салды»-2

1 304 просмотра

24 желтоқсанда «Бізге тәуелсіз кәсіподақты еске салды» материалы жарыққа шықпас бұрын «АЖ» облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Салауат ИШАЙДАН 30 қарашада жолданған редакция сауалына жауап алды.

«Тапсырыс беруші ретінде ТШО шығындарының қысқаруы бас мердігерлерге де әсер етті. «Болат-Жол» компаниясында бірінші кезеңде 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 42 қызметкер, екінші кезеңде 2015 жылдың 1 қазанында – 54 қызметкер, үшінші кезеңде 2015 жылдың 1 қарашасында – 12 қызметкер қысқартылды. Жұмыс беруші қысқарту жүргізу тәртібін сақтады. Заңсыз қысқартулар болғаны туралы мәселе қойған қызметкерлер бойынша, машинист көмекшісі К.Құрмашевтың арызы бойынша заң бұзушылық анықталған жоқ. Машинист С.Нұрмұхановтың, машинист көмекшісі М.Өтебаевтың, В.В.Петренконың, вагондарды тексеруші Т.Е.Көшеновтің талап арыздарын қалалық сот қанағаттандырмады.

«ҚР сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» заңының 1-бабына сәйкес, сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.

ҚР сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

Сондықтан бұл факті бойынша тексеру жүргізу мүмкін болмайды».

Ал «Нұр Отан» партиясының баспасөз орталығының таяуда өткен брифингінде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВКЕ басқа сұрақтармен қатар Атыраудағы жұмыстан шығарылған теміржолшылар пикеті туралы сұрақ қойылған еді.

- Біз бұл туралы хабардармыз. Біздің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне тиісті тапсырмалар берілді, - деді Б.Нұрымбетов. – «Болат-Жол» ЖШС-не тексеру жүргізіле ме? Міндетті түрде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 желтоқсан 2015, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.