Рождество мерекесі қарсаңында болған АҚШ-тың шығыс бөлігіндегі дауыл мен құйын салдарынан 5 мыңға жуық рейс бөгеліп, уақытынан кешікті. Бәрінен бұрын Атланта, Вашингтон, Нью-Йорк әуежайларындағы жолаушылар қолайсыз жағдайға тап болған.
Соңғы ақпараттарға сүйенсек, АҚШ-тың оңтүстік-шығысындағы табиғи апаттардан 11 адам зардап шеккен: Миссисипи штатында 7, Теннессида 3, Арканзаста 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.
Осы аптаның ортасына қарай оңтүстік-шығыста орналасқан америкалық штаттарда жел күшейіп, дауыл соқты. Миссисипи, Теннесси, Арканзас штаттары мен Миссури, Иллинойс және Кентукки аудандарында өте күшті құйын болды.
АҚШ метеорологиялық орталығының мәлімдеуінше, Миссисипи штатында 14 рет дауыл апаты тіркелген.
Дереккөз: bnews.kz
25 желтоқсан 2015, 14:45